KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Аурухана ауласына ағаш отырғызды – Өскемен

13.10.2022, 15:49 183

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Ана мен бала» орталығының ауласына ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Экологиялық кеңестің бастамасы бойынша ауқымды акция өткізіп жатырмыз. «AMANAT» партиясы ШҚО филиалының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасында экологиялық мәселені шешуге арналған нақты бағыттар бар. Сондықтан біз қаламыздың жасыл желекке орануына, экологиялық жағдайының жақсаруына атсалысамыз», - дейді «AMANAT» партиясы ШҚО филиалының өкілі Аманбай Нұркенов.

Шараға «AMANAT» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, жастар, дәрігерлер, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері, партия белсенділері, экология департаменті, облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу және жер қатынастары басқармаларының басшылары, волонтерлер қатысты.

«Бүгін біз қаламыздағы «Ана мен бала» орталығының алаңында ағаштар отырғызуға жиналдық. Бұл біздің туған өлкеміздің, Жаңа Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне қосқан ортақ үлесіміздің бастамасы деп санаймын»- деді «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы өңірлік экологиялық қоғамдық кеңестің төрағасы Татьяна Чернышова.

Акция барысында 40 түптен астам қылқан жапырақты ағаш түрі отырғызылды.

«Жастар үшін мұндай игі шараның мағызы зор. Біріншіден бұл табиғатымызды аялауға қосқан үлесіміз болса, екіншіден қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға арналған шара болмақ»- деді «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ –ның төрағасы Қорлан Туғанбаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив