KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
447.4 477.55 4.76

ШҚО әкімі: «Жас мамандарды шетелде шыңдау – біздің өңірде ғана бар үрдіс»

15.07.2022, 14:42 181

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов журналистердің бірқатар сауалына жауап берді. Айталық, Алтайньюс тілшісі аймақ басшысына:

– Шығыс Қазақстан кез келген сала бойынша мамандар даярлаудың ұстаханасы іспетті. Көптеген мамандарды, әсіресе, дәрігерлерді шетелдер де, арнайы оқытып, үйретіп жатыр. Ертең сол мамандар Шығыс Қазақстаннан басқа аймаққа немесе шетелге кетсе, артылған сенім мен бөлінген қаражат ақталмай қалмай ма? – деген сұрақ қойды.

Облыс әкімі:

– Жоқ, бірде-бір маман ешқайда кетпейді. Себебі, біз оларды шетелге оқытуға жібергенде олармен бес жылға арналған келісім-шарт жасастық. Ал бес жыл Өскеменде жұмыс істеген маман одан кейін өзі де кеткісі келмей қалады. Осы орайда, жас мамандарды шетелге жіберіп, білімін шыңдап жатқан тек біздің облыс қана екенін атап өткім келеді. Облыста медицина саласын дамытуға соңғы бес жыл көлемінде қомақты қаржы бөлдік, заман талабына сай жаңа ауруханалар салып, заманауи медициналық құрал-жабдықтар алдық. Енді солармен жұмыс істейтін білімді жас мамандар қажет. Жас маман дегеніміз, ол – жаңа білім, жаңаша сапа, жаңа құзіреттілік – деп жауап берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив