KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Қалалардың жабылатыны туралы ақпарат жалған болып шықты

30.06.2020, 16:10 146

Бүгін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бірқатар қалалардың жабылатындығы туралы ақпарат тарап кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Таралған хабарламада карантиндік шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларының жабылатындығы туралы айтылған.

Бұл ақпаратқа қатысты Премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Айтуларынша, аталмыш мәлімет жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Баспасөз қызметі ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив