KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Амбулаториялық-емханалық көмек қашықтықтан көрсетіледі

30.06.2020, 12:39 138

Қазақстанда амбулаториялық-емханалық көмек карантин кезінде дистанциялық жұмыс форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, пациенттерге үй жағдайында медициналық көмек көрсету қауіпсіз болып табылады.

- Біз пациенттерге үйде медициналық көмек көрсетуді барынша қауіпсіз деп санаймыз. Амбулаториялық-емханалық көмек дистанциялық жұмыс форматына ауыстырылады. Үш мың мобильді бригада құру жоспарлануда. Олар медициналық қызметкерлердің пациенттерге үйге баруын, COVID-19-ға тест алуды қамтамасыз етеді. Науқастарға кеңес беріп, ем тағайындайды. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдейді, сондай-ақ, пациенттің жағдайына қашықтан мониторинг жүргізеді, - дейді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив