KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Алакөлде: 8 жастағы қызды таспен атқылаған

15.07.2022, 11:45 172

Алакөл жағалауында белгісіз ер адам демалуға барған отбасыға тас атқылаған.Соның салдарынан 8 жастағы қыз зардап шекті, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға пансионатты іздеу кезінде болған. Ерлі-зайыпты балаларымен Алакөл жағасынан демалыс аймағын іздеген.
Алакөл ауданы, Ақши ауылында белгісіз ер адам олардың көлігіне тас лақтырған. Шабуыл салдарынан көлікке зақым келіп, 8 жастағы қызы ауыр жарақат алған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында демалушылардың бірі ұсталды, ол - Жаркенттің 28 жастағы тұрғыны. Ер адам мас күйде болғанын айтты. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалып, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біраз уақыт құқық бұзушыға қатысты тергеу барысында процестік мәжбүрлеу шарасы – келу міндеттемесі таңдалды", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Қазір қыз облыстық балалар ауруханасына жатқызылып, дәрігерлер бақылауына алынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив