Өскемен
-7°
небольшая облачность ветер 8,1 м/с, С
448.05 486.58 5.82

Шілде айында ауа райы қандай болады?

28.06.2020, 09:01 39 0

Синоптиктердің болжамы бойынша, Шығыс Қазақстан аумағында шілде айында ыстық ауа райы күшейе түседі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметіне сүйенсек, ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері алдағы айда нормаға сай болмақ.

1 шілде күні ауа температурасы күндіз +30 градусты, түнгі уақытта - +15 градус болады. Алғашқы онкүндікте ыстық ауа райы сақталады.

Ал екінші онкүндіктің басында күн бұлттанып, жауын-шашын болады деп болжануда. Бұл кезде сынап бағаны +24 градустан +30 градусқа дейінгі аралықты көрсетеді.

Екінші он күндіктің орта кезіне күн қайта ашылып, ыси түседі: күндіз - +32-34 градус, түнде +18 градус. Кейбір күндері сынап бағаны күндіз  +35 градусқа дейін, түнде - +23 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Үшінші онкүндікте өткінші жаңбыр жиі жауады. Дегенмен ауа температурасы күндіз +30-34 градустан, түнде - +18-20 градустан төмендемейді.

39
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив