KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да коронавирустан бір адам көз жұмды

27.06.2020, 19:24 64

ШҚО-да коронавирус инфекциясынан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Семей қаласының 61 жастағы тұрғыны 21 маусымда жедел жәрдем бригадасымен ауыр халде жеткізілген. Ол провизорлық станционарға жатқызылып, коронавирусқа тексеріледі. Сараптама оң нәтиже көрсеткеннен кейін бірден инфекциялық стационарға ауыстырылған.

Науқасқа қойылған диагноз: COVID-19 инфекциясы, ауыр дәрежедегі екі жақты тұтас пневмония, 2-3 дәрежедегі тыныс жеткіліксіздігі. Инфекцияның асқынуы бас миының ісінуі мен ауыр бүйрек жеткіліксіздігіне әкеп соққан. Оған қоса дисциркуляторлы энцефалопатия, 2 типтегі қант диабеті, 2 деңгейдегі жоғары қан қысымы секілді сырқаттары болған.

Анықталғандай, науқас инфекцияның белгілері пайда болғанға дейін іссапарда болыпты.

Жағдайы аса ауыр болғандықтан, 24 маусымда науқастың жүрегі тоқтап қалған екен. Жансақтау шаралары мен интенсивті терапия жүргізілді. Алайда пациенттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив