ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-36°
туман ветер 2 м/с, СВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Бензин бағасы бекітілді

15.07.2022, 11:07 0 0 Мадина Амангелдіқызы
Қазақстанда мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің тізбесі мен шекті бағалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрықтары күшіне енді.


Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңге болды, Қазақстанның басқа өңірлерінде баға бұрынғы деңгейде – литрі 182 теңге болып қалады, - деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, екі бағыттағы бағаны түзету логистикалық шығындармен байланысты, бұл бөлшек сауда орындарының мұнай өнімдерін шығаратын зауыттардан шалғай орналасуына байланысты.


Сондай-ақ АИ-95 маркалы бензинге бағаны мемлекеттік реттеу мұнай өнімдерінің тізімінен алынып тасталды, өйткені АИ-95+ және одан жоғары бензинді өндіру қымбат импорттық қоспаларды және жоғары октанды бензин компоненттерін көбірек тұтынуды талап етеді. Импорттық қоспалардың бағасы мұнай бағасымен және валюта бағамымен сәйкес келеді,- деп мәлімдеді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұйрыққа сәйкес, дизель отынының шекті бағасы Қазақстанның барлық өңірінде бұрынғы деңгейде сақталады: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында бензин бағасы литріне 260 теңге болса, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литрі 230 теңге.

Бұйрықтардың жобалары 2022 жылдың 23 маусымында Ашық НҚА сайтында 2022 жылдың 8 шілдесіне дейін онлайн талқылауға жарияланды.

Бұйрық 180 күнтізбелік күн бойы күшінде болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Бүгін, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Бүгін, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Бүгін, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Бүгін, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Бүгін, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Бүгін, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Бүгін, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Бүгін, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Бүгін, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Бүгін, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен Кеше, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды Кеше, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады Кеше, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды Кеше, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады Кеше, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады Кеше, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО Кеше, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал Кеше, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО Кеше, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды Кеше, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды