KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменде ХҚКО бөлімдерінің жұмыс уақыты шектелді

26.06.2020, 11:54 173

ШҚО бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы негізінде 27 маусымнан бастап Халыққа қызмет көрсету бойынша Өскемен қалалық бөлімдерінде карантиндік шараларын сақтау мақсатында жұмыс уақытын шектеу енгізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жүзеге асырылады. 1414 байланыс орталығы немесе  egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуға болады.

ХҚО-ның жұмыс кестесі: Дүйсенбі-сенбі күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив