Өскемен
-13°
пасмурно ветер 2 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

Экология министрі Тоқаевтан сөгіс алғаннан кейін киікке қатысты кеңес өткізді

15.07.2022, 11:01 1 0 Мадина Амангелдіқызы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киік популяциясын басқарудың жаңа тәсілдерін қарау мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оған ғылыми ұйым мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ аңшылардың қоғамдық бірлестіктері қауымдастықтары қатысты.

"Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әр популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жиында Серікқали Брекешев ауыл шаруашылығы министрлігі киіктер келтірген зиянды есептеу әдістемесін әзірлеу және фермерлерге залалды өтеу мәселелерін қарау қажеттігін атап өтті.

Еске сала кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында киік санын реттеу мәселесін шуға айналдырған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады.

"Табиғи ландшафтан сексен мың киікті өлтіру мәселесі жайлы айтылып отыр. Бірақ мұның басқа да әдістері бар. Мамандармен ақылдасыңыздар, бұл енді соңғы шара ғой. Бұл шараны қолдануға тура келетін шығар, оны жоққа шығармаймын. Бірақ қайталап айтамын, бұл соңғы шара", - деді мемлекет басшысы.

Президент киік қазақ үшін қасиетті жануар екенін атап өтті.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив