KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Ауданда мемлекеттен қолдау алатын кәсіпкерлер саны көбейіп келеді

25.06.2020, 05:49 187

Таяуда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Ербол Көбентаев аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Қанапиннің жетекшілігімен өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымындағы егістік және өндірістік учаскелерінде болып, ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалармен танысты, дәнді және майлы дақылдарының егістік алқаптарын қарады. Онан соң аудандық Мәдениет үйінде шаруа қожалықтарының басшыларымен семинар-кеңес өткізді. Оған ауылдық округ әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдардың және аудан әкімі аппаратының дербес бөлімдерінің басшылары шақырылды. Семинар–кеңесті ашқан аудан әкімінің орынбасары Жанар Сыдықова бұл кездесулердің басты мақсаты - мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау шаралары туралы, мемлекеттік бағдарламалардағы өзгерістер туралы, атап айтқанда "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ желісі бойынша несиелендіру туралы екендігін атап өтті.

Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының алдында жасаған баяндамасында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы жағдай туралы айтып, биыл еліміздің ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілетін мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және инвестициялық субсидиялау саласын субсидиялау ережесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етті. Өз сөзінде Ербол Үсенғалиұлы сүт-тауарлы фермаларын, сүт өңдеу кәсіпорындарын құру бойынша шаруа қожалықтары басшыларының сұрақтарына жауап берді.

-Катонқарағай ауданында облыс бойынша жыл сайын мемлекет тарапынан қолдау алатын кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының саны артып келеді,-деп атап өтті баяндамасында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Ербол Көбентаев.

Сондай-ақ, Ербол Құмашұлы "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ желісі бойынша несиелеудің жаңа бағдарламалары мен өзгерістерін түсіндірді. Семинарда жиналғандар алдында слайдтар арқылы «КТ Катон-Қарағай" (Несиелік серіктестік) ЖШС желісі бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарын несиелеу бағдарламасының тұсаукесері өтті, оны осы кәсіпорынның басқарма төрағасы Айтжамал Қарина егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Онан соң Мәдениет үйінің фойесінде облыстың аграрлық несие корпорациясының директоры мен мамандары ауданның шаруа қожалықтарының жеке басшыларының инвестициялық жобаларымен танысып, барлық сұрақтарға жауап алды. Іс-шара соңында аудан әкімінің

орынбасары Жанар Сыдықова ауыл шаруашылығы құрылымдары басшылары мен жиналғандар атынан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басшылығына осында жасаған арнайы жұмыс сапарлары мен ауданның агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамытуға бағытталған пайдалы семинарлары үшін алғысын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив