KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО тұрғыны 85 келі балықты заңсыз тасымалдаған

15.07.2022, 09:33 178

85 келі балықты құжатсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері Күршім ауданының балық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп тексеру жүргізген. Сондай тексерулердің бірінде қызметкерлер Алғабас ауылынан 6 шақырым жердегі саяжай жолында өз автокөлігімен 85 келі түрлі балық алып бара жатқан 49 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатқан. Ұсталған азамат көлігіне 38 келі шортан, 32 келі көксерке және 15 келі мөңке балығын тиеп әкеле жатқан. Келтірілген шығын 445 мың теңгеден астам сомаға бағаланады.

Жауап алу кезінде қылмыскер өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив