KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Үкіметбасы көмір бағасына байланысты тапсырма берді

24.06.2020, 06:12 178

Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдіктерге алдағы жылыту маусымына сапалы дайындалуды, көмір мен отынның негізсіз қымбаттауына жол бермеуді тапсырды.

"Жалпы өткен жылыту маусымы қалыпты режимде өтті. Әкімдіктер алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық шараларын күшейтіп, анықталған кемшіліктер мен ескертулерді жоюы керек", - деді премьер-министр үкімет отырысында.  

Мамин жылыту маусымы басталғанға дейін барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектісі, әсіресе, денсаулық, әлеуметтік сала нысандары мен үйлердің дайындығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай аяқталуы тиіс.

"Халықты көмірмен, жылыту орталықтары мен қазандықтарды отынмен қажетті көлемде алдын ала қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру керек. Көмір бағасын ерекше бақылауға алу қажет. Отын, әсіресе, көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдаңыздар", - деді ол.

Сонымен қатар, әкімдіктерге тұтынушылардың осы жылдың 1 наурызына дейін жиналған коммуналдық қызметтерге дебиторлық берешегін азайту шараларын қабылдауды тапсырды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив