KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Даниал Ахметов мемлекеттік қызметкерлер мен полицияны төл мерекелерімен құттықтады

23.06.2020, 11:23 134

Құрметті мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлері, баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер өз жолдарыңызды қиын, алайда мәртебелі іске – Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етуге арнадыңыздар. Мемлекеттік басқару жүйесінің үздіксіз жұмысы, жалпы ұлттық бағдарламаларды іске асыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғау өздеріңізге байланысты екенін білесіздер. Сондықтан сіздер жоғары кәсібиліктің, қайсарлық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі болуларыңыз керек.

Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, сергектік пен шыдамдылық, Отанға қызмет ету жолында толағай табыс тілеймін! Сіздердің жанқиярлық қызметтеріңіз бен антқа деген адалдықтарыңыз – еліміздің тұрақтылығы мен кемел келешегінің мызғымас кепілі!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив