Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 1 м/с, С
472.14 498.39 7.65

ШҚО-да ана мен бала денсаулығын сақтауға қаншалықты көңіл бөлінеді?

14.07.2022, 18:21 6 0 Оразай Жеңісұлы

Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай келе, басты міндеттердің бірі-ана мен бала денсаулығын сақтау екеніне назар аударды.

Осы ретте ШҚО және Өскемен қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы Марат Көксегенов аудандық ауруханаларда босанатын әйелдерге көмек көрсетудің жаңа деңгейі, сатып алынған жабдықтар, облыс дәрігерлерін оқыту туралы әңгімеледі.

– Соңғы екі жылда жаңа жоғары технология сатып алынды. Бұл жабдықтар Тарбағатай, Үржар, Жарма, Катонқарағай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласындағы медициналық ұйымдарға жеткізілді. Жаңа жабдықтар сатып алынып, дәрігерлерді біліктілікті арттыру курстарында арнайы оқытып, алты ауданда (ШҚО және Абай облысы) перинаталдық көмек көрсетудің екінші деңгейіне жоспарлы ауыстыру жүргізілді.

Еске сала кетейін, облыс және бүкіл ел шеңберінде Ана мен бала өлімін төмендету бойынша жоспар бар. Оған акушер-гинеколог мамандарды, ірі перинаталдық орталықтардың ғана емес, сонымен қатар аудандық ауруханалардың реаниматологтарын оқыту кіреді.

Мысалы, біздің облыста бірегей бағдарлама – мамандарды оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы жұмыс істейді.

Біріншіден, Семей медицина университеті оқытумен айналысады. Екіншісі республикалық деңгей. Біз дәрігерлерді республикалық ғылыми орталықтарға жібереміз. Үшіншісі – шетелде оқыту. Дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында оқу тұрақты негізде өткізіледі.

Перинатальды көмек қағидаттарына сәйкес: 1-ші деңгейде тек физиологиялық босану өтуі керек; екінші деңгейде – орташа қауіпті босану; үшінші деңгейде – ең қиын, ауыр жағдайлар жіберілетін жоғары қауіпті босану.

Осыған байланысты заманауи жабдықтар сатып алынды, босандыруға көмек көрсету сапасын арттыру үшін мамандар оқытылды.

Екінші деңгейдегі ұйымдар асқынбаған жүктілігі және босануы бар, жүктілік пен босанудың орташа қаупі бар, сондай-ақ 32 аптадан асатын мерзімде мерзімінен бұрын босанған әйелдерге білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Базалық жабдықтаудан басқа, оларда реанимацияға арналған толық жинағы бар жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі (кемінде үш төсек), СРАР 3-4 жүйесі, 2-3 кувез, сондай-ақ клиникалық және бактериологиялық зертхана болуы тиіс. Штат кестесінде тәулік бойы неонатолог посты болуы керек – деді Марат Көксегенов.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив