KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2,6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Қазақстанда жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктері өзгеріп жатыр

23.06.2020, 03:43 219

Қазақстанда жеңілдетілген несие беруді кеңейту бойынша бірқатар шара қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 ««Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша кәсіпкерлер үшін қарыз қаражатының соңғы құны қазір енді 6%-ды құрайды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша несие көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Субсидиялау мерзімі 5 жылды құрайды. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша несие сомасы шектелмейді. Ал субсидиялау мерзімі 10 жыл», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша кепілдік беру құралы жақсартылған. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша кепілдіктер қарыз сомасының 85%-ын құрауы мүмкін. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша кепілдік несие сомасының 50%-ды құрайды.

««Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл шағын және орта бизнеске қызмет түріне қарамастан бағдарламаға қатысушы болуға және жеңілдетілген қаржы алуға мүмкіндік береді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша тауарлар мен қызметтер тізімі айтарлықтай кеңейтілді. Осы бағдарлама бойынша несиелеудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды», - деді ол.

Руслан Дәленов сонымен қатар Ұлттық банк шағын және орта бизнеске, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге салалық шектеусіз жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосқанын айтып өтті.

«Несие айналым қаражатты толықтыруға 1 жылға 8%-бен беріледі. Бұл бағдарламаға 600 млрд теңге бөлінеді. Жалпы, несиелеуді ұлғайту үшін көптеген шектеулер алынды. Тетіктер жеңілдетіліп, қаражат көлемі ұлғайтылды», - дейді Ұлттық экономика министрі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив