KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«Асфальт 5 есе жұқа». Өскемендегі Чехов көшесі қайта жөнделеді

22.06.2020, 09:01 86

Өскемендегі Чехов көшесі қайта жөнделіп жатыр. Өйткені жөндеу жұмысының сапасы сын көтермеді. Қала әкімдігі қосымша жұмыстар үшін мердігер компанияға қаражат төленбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Чехов көшесінің Нұрмағамбетов және Горький көшелерінің аралығындағы бөлігі үш жолақты болып кеңейтілген еді. Көп уақыт өтпей қала тұрғындары жолдың сапасына байланысты шағым айта бастады. Ал жол активтері сапасының ұлттық орталығының жергілікті филиалы тексере келе, төселген асфальттің тиісті қалыңдықтан 5 есе жұқа екенін анықтады. Осыдан кейін мердігерлер кем-кеттікті толтырды. Бірақ қала тұрғындары жолдың сапасына әлі де шек келтіріп отыр.

– Біз тәуелсіз зертхананы іске қостық. Осыдан былай жолдың сапасыз жөнделгені анықталса, жауапты фирма қосымша жөндеу жұмыстарын өз есебінен жүргізеді, – деп мәлімдеді қала әкімінің орынбасары Тамара Рахымжанова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив