KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Глубокое ауданында "Шартты түрде сотталған" іс шарасы өтіп жатыр

22.06.2020, 04:56 106

Пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшауланбаған, бірақ сотталған тұлғалар тарапынан құқықбұзушылық фактілерін болдырма мақсатында 15-25 маусымы аралығында Қазақстанда «Шартты түрде сотталған» республикалық алдын алу іс шарасы өтіп жатыр. Соның аясында Глубокое ауданының пробация қызметінің инспекторлары аудандық полиция учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробациялық есепте тұрғандарға тексеру жүргізді.

"Шартты түрде сотталған" профилактикалық іс-шарасының басты міндеті - пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайларын тексеру, олармен тәрбиелік-профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізу, материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеріп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсету көлемін және пробация қызметі бақылауынан жалтарып жүрген сотталғандарды анықтау, жазаны бас бостандығынан айыру түріне ауыстыру және тағы осы сияқты іс-шараларды жүргізу.

- Пробация қызметінің инспекторлары есепті тұлғалармен профилактикалық сұхбат жүргізді, қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға ескерту жасады, - деп хабарлады ведомствада.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив