KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Мақсат - ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру

21.06.2020, 09:21 170

«Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру» жобасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алғашқы лек қатысушылары 18-20 маусым аралығында үш күндік қарқынды оқу семинарынан өтеді.

Бұл семинар барысында облысымыздың 5 ауданынан келген ҮЕҰ мүшелері және бастамашыл топтар жоба құру, әлеуметтік мәселе, әлеуметтік жобаның мақсат-міндеттері, бюджет және тағы да басқа тақырыптар аясында білімдерін толықтыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар жоба презентациясын жасау және қорғау сынды практикалық дағдыларды дамыту тренингтері жүргізіледі.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантын жүзеге асыру аясындағы бұл жоба тек қатысушыларға ғана емес, сондай-ақ жалпы облысымызға үлкен пайдасын тигізетініне сенімдіміз.

#qogamgov #cisc2020
#salauat_semey

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив