KZ
Өскемен
ясно жел 3,7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Нұрсұлтан Назарбаевқа коронавирус жұқты

18.06.2020, 07:37 201

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланды. Бірақ жұмысын қашықтан жалғастыруда. Бұл туралы Twitter-дегі парақшасында Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.

 «Қазіргі кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін-өзі оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетті. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда», - делінген Елбасының ресми сайтында.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив