KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Болгарияда жерленген қазақстандық боздақтардың тізімі келді

17.06.2020, 06:15 124

Өскемен қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасына еліміздің Сыртқы істер министрлігінен Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Болгария жерінде оққа ұшқан отандастарымыздың тізімі келіп түсіпті. Осыған байланысты аталмыш ведомствоның өтініші бойынша және боздақтардың туған-туыстарын табу мақсатында сайтымызға Болгария топырағында жерленген қазақстандық жауынгерлер туралы ақпарат беріп отырмыз.

 


1. Тұрдақий Әлханов
(Турдакий Алханов)

Стара Загора қаласы.

Қала басшылығы мен «Обелиск» қоғамдық бірлестігінде жауынгердің жерленген орны туралы ақпарат жоқ.

1917 жылы туған, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Төменгі Александровка ауылының тумасы, қатардағы жауынгер, 1946 жылдың 20 мамырында аурудан көз жұмған.


2.Сәдуақас Бәкібаев

(Садвагаз Бакибаев)

София қаласы Лозенец кварталындағы бауырластар зиратында жатыр, зираттың жағдайы жақсы.

1926 жылы туған, Қарағанды облысы, Қарқаралы, ауданының тумасы, қатардағы жауынгер, 1946 жылдың 5 ақпанында аурудан көз жұмған.


3. Қадыр Бижанов
(Кадыр Биджанов)

Бургас облысы (іздеу жұмыстары жалғасуда) Қала басшылығы мен «Обелиск» қоғамдық бірлестігінде жауынгердің жерленген орны туралы ақпарат жоқ.

1918 жылы туған, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының тумасы, қатардағы жауынгер.
1944 жылдың 23 қыркүйегінде оққа ұшқан.


4. Константин Алексеевич Гвоздев

Пазарджик қаласы Зират (болгарша - гробищен парк), ортақ бауырластар зираты. Гвоздевтің есімі бөлек плитаға жазылған.

1923 жылы туған, Семей облысы, Семей қаласының тумасы, гвардия аға лейтенанты, 1945 жылдың 17 маусымында оққа ұшқан.


5. Қайыржан Есенгелдин
(Каиржан Есенгель-дин)

Видин қаласы Қала сыртындағы орыс әскери зираты. (жауынгер-дің есімі жазылған бөлек плита бар)

1902 жылы туған, Ақмола облысы, Новочеркасск ауданының тумасы, сержант, 1944 жылдың 7 қазанында ұрыста алған жарақатынан көз жұмған.


6. Григорий Николаевич Калюжнов

Бяла қаласы (іздеу жұмыс-тары жалғасуда) Қала басшылығының ақпараты бойынша, жауынгердің жерленген орнын іздеу жұмыстары жалғасуда.

1914 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының тумасы, қатардағы жауынгер, 1944 жылдың 6 қарашасында оққа ұшқан.


7. Михаил Филиппович

Лисаков Кула қаласы Қала басшылығының ақпараты бойынша, жауынгердің жерленген орны туралы ақпарат жоқ.

1923 жылы туған, Жамбыл облысы, Қордай ауданының тумасы, кіші лейтенант, 1944 жылы қайтыс болған.


8. Федор Андреевич Моисеев

Сливен қаласы «Хамам баир» ауданында орналасқан саябақтағы Кеңес әскері жауынгерлерінің сүйектері табылған жердегі ескерткіш, жағдайы жақсы.

1920 жылы туған, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының тумасы, қатардағы жауынгер,1945 жылдың17 қаңтарында қайтыс болған.

9. Ғадыл Ғарифұлы Мұхтаров

(Гадил Гарифович Мухтаров)

Бургас қаласы «Света Троица» шіркеуінің маңында орналасқан «Света Троица» саябағы, жағдайы жақсы.

1906 жылы туған, Семей қаласының тумасы, кіші сержант,
1944 жылдың 11 қыркүйегінде оққа ұшқан.

10. Федор Евдокимович Серіков

(Сериков)

Шумен қаласы Зират (болгарша - гробищен парк), Ветрище ауылы, жағдайы қанағат-танарлықтай.

1924 жылы туған, Петропавл қаласының тумасы, қатардағы жауынгер, 1944 жылдың 20 қыркүйегінде оққа ұшқан.


11. Тимофей Иванович Теплюк

Стара Загора қаласы. «Митро-полит Методий Кусев» саябағындағы (қала аумағында) кеңес жауынгеріне арналған ескерткіш.

1909 жылы туған, Семей облысының тумасы, қатардағы жауынгер, 1945 жылдың 18 қаңтарында аурудан көз жұмған.


12. Бердалы Қолдасов
(Бердалы Колдасов)

Суворово қаласы. Зиратының жағдайы қанағаттанарлықтай, «Обелиск» үкіметтік емес ұйым өкілдерінің күшімен қалпына келтірілген.

1917 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент, Сарыағаш (Савориш) ауылының тумасы, қатардағы жауынгер.

«Дидар»-ақпарат

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив