KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-дағы шахталардың бірінде екі жұмысшы қаза болды

17.06.2020, 04:01 166

KAZ Minerals Тобы "Шығыстүстімет" ЖШС-не қарасты Орлов өндірістік кешенінің шахтасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

KAZ Minerals Тобы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылғы 16 маусым сағат 22:00 шамасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде Орлов шахтасының екі жұмысшысы қаза тапқан. Тағы бір зардап шеккен адам медициналық тексеру жүргізу үшін Бородулиха аудандық ауруханасына жеткізілді.

 Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Жағдайдың себептерін тергеп-тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

 KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады. Компания зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсететін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив