KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Семейде ХҚО бөлімдерінің жұмыс уақытына шектеу енгізілді

15.06.2020, 06:14 95

ШҚО бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.06.2020 жылғы қаулысының негізінде, 15 маусымнан бастап Семейдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімдеріне карантиндік шараларын сақтау мақсатында жұмыс уақытын шектеу енгізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 1414 байланыс орталығы немесе  egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау арқылы жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалар мемлекеттік қызметтерді egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы ала алады.

ХҚО-ның жаңа жұмыс кестесі: Дүйсенбі-сенбі аралығы 10.00-ден 18.00-ге дейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив