Өскемен
-29°
плотный туман ветер 1 м/с, В
468.9 485.64 7.7

Зайсан ауданынан Қытайға газ жеткізу тоқтатылды

14.07.2022, 16:53 0 0 Оразай Жеңісұлы

Даниал Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысынан ҚХР-ға газ экспортталмайтынын хабарлады.

– Келісімшартқа 1995 жылы қол қойылған, бірақ қазір қайта қаралды. Кен орнында 328 миллион текше газ қалды. Бұл қорл 11 жылға жетуі керек. Компания халықтың қажеттіліктері үшін әрбір текше газды сақтауға міндетті. Бізге геологиялық барлау жүргізу керек. Қазірдің өзінде бұл аймақта ауыр мұнай қоры бар деген оң ақпарат бар. Тиісінше, газ болуы керек, – деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің айтуынша, Зайсаннан өзге аудандар да газға зәру. Егер көгілдір отын табылса, жүздеген елді мекенді қамтамасыз етуге мүмкіндік туар еді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив