Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО-да ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде

14.07.2022, 16:41 5 0 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, оның ішінде Бұқтырма жағалауы басты назарға алынған. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихаты барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері туризм саласына 5,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Атап айтқанда, Катонқарағай ауданының Өрел ауылында 1,5 млрд теңгеге 250 орындық туристік кешен салынып отыр.

12 млрд теңгеге 36 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде Бұқтырма жағалауында 12 демалыс базасын салу бойынша жұмыстар басталды.

Кезінде Алакөлді дамытуға 17 млрд теңге жұмсалған болатын. Енді ШҚО-ның екі облысқа бөліуіне байланысты, енді Бұқтырма жағалауын дамыту қолға алынды.


- «Алакөл көлін дамытуға 17 млрд теңге жұмсадық, қазір бағытымызды өзгертіп, Бұқтырма жағалауын дамытуға ауыстық. Бізге үш жыл уақыт керек, сонда бұл жағалау елдегі кез келген курорттық аймақпен бәсекеге түсе алады, тіпті асып та кетеміз», - дейді Даниал Ахметов.


Аймақ басшысының мұндай сенімді болжам жасауының да өз сыры бар екен. Айтуынша, тек біздің облыста ғана марал мүйізімен емдеу үшін табиғи ресурс бар. Марал мүйізімен емдеу – шығыста дами түсетін негізгі бағыттардың бірі болмақ.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив