KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Қаңтар оқиғасында бірде-бір ғимаратымызды бермедік – ШҚО әкімі

14.07.2022, 16:27 86

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифинг барысында қаңтар оқиғасы кезінде алаңда, халықтың арасында болғанын айтты.

Тілшілер Шығыс өңірінің әкіміне «қаңтар оқиғасы кезінде халық алдына неге шықпадыңыз?» деген сұрақ қойды.

– 5 қаңтар күні мен алаңда болдым. Күні-түні сонда болдық. Шығыс Қазақстанда, Өскемен қаласында бірде-бір ғимарат берілген жоқ. Өзіміздің әкімшілікті ешкімге бермеген жалғыз облыс болдық. Мен халықтың алдында тұрдым. Ол теледидарда көптеген арнадан көрсетілді. Оны сіз көрмесеңіз, кешірерсіз, әріптестеріңізден сұрап аларсыз. Мен алаңда болдым. Халықтың ішінде болдым. Барша мәселені бірге шештік, – деп жауап берді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив