Өскемен
-29°
переменная облачность ветер 1 м/с, ЮВ
468.9 485.64 7.7

Еліміздегі алғашқы гематология орталығы Шығыс Қазақстанда ашылады

14.07.2022, 16:27 0 0 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстандағы алғашқы гематология орталығы Шығыс Қазақстанда ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.


- Бұл - бірегей гематология орталығы. Біз салып жатқан орталық барлық әлемдік стандарттарға сай келеді. Қазақстанда гематология орталығы мүлде жоқ. Жерлестеріміз басқа елдерге барып емделіп жүр. Бір науқасты емдеу 30-60 мың доллар тұрады. Бұл – ең күрделі медициналық процедура. Ал біздің орталық молекулярлық-генетикалық зертханамен және діңгекті жасушаларды культивациялау зертханасымен жабдықталады», - деді Даниал Ахметов.


Сонымен қатар, Өскемендегі Ана мен бала орталығының ауруханасы үшін де арнайы медициналық аппарат сатып алынып отыр екен. Бұл жабдық қан анализі негізінде әйел ағзасының іштегі балаға берілуі мүмкін ауруларға бейімділігін алдын ала анықтай алады.

Одан бөлек аймақта өткен жылы PACS жүйесінде жасанды интеллект енгізіліп, рентгеноскопия, КТ және МРТ арқылы қатерлі ісік ауруын анықтау мүмкін болып отыр.

Жалпы облыста денсаулық сақтау саласына биыл 32 млрд теңге бөлінген екен.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив