Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 2 м/с, СВ
472.14 498.39 7.65

Осинов асуын айналып өтетін төте жолдың құрылысы 2023 жылы аяқталады

14.07.2022, 16:08 4 0 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-дағы Осинов асуын жанай өтетін айналма күре жол құрылысы келер жылы толық аяқталады. Орталық коммуникациялар қызметінде есеп беру кезінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тас жолдың жалпы ұзындығы – 32 шақырым. Оның әлі 14 шақырымы қалды. Сондай-ақ мұнда көпір салынады.


- Бұл мәселе тұрақты бақылауға алынған. Жобалық-сметалық құжаттама қыркүйек айында дайын болады. Одан кейін тендер өткізіп, мердігерді таңдайда, - деді Даниал Ахметов.


Тас жол 2023 жылы пайдалануға беріледі екен. Ол Бұқтырма суқоймасына дейінгі жолды айтарлықтай қысқартады. Яғни, демалушылар Өскеменнен Бұқтырмаға дейін бір сағаттың ішінде жете алады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив