KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

"Дипломмен ауылға" барған жастар баспана алады

9.06.2020, 10:07 236

"Дипломмен ауылға" барған жастарғамемлекеттік қолдау көрсетілген. Оларға баспана алу үшін бюджеттік несие беріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беру барысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, өткен жылы 4 мыңнан астам маман 1200 ауылға барып, жұмысқа тұрған. Барлығы да ауылға қажетті мамандар: мұғалімдер, дәрігерлер, мәдение және спорт қызметкерлері, ветеринарлар мен агрономдар. Бұүларға бюджеттік несие түрінле мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр. Ал несиенің сомасы жыл сайын артуда. Биыл бюджеттік несиенің көлемі 4,1 млн теңгені құрады. 15 жылға 0,01 пайызбен беріледі.

Сонымен қатар, аталмыш жоба арқылы көшетіндерге арнайы ақы қарастырылған екен.

Ағымдағы жылы бюджеттік несиемен 5 мың жас маман қамтылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив