KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 4 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

Қазақстанда мектептер бір ауысыммен жұмыс істеуге көшеді

5.06.2020, 04:30 190

Қазақстанда мектептер бір ауысыммен жұмыс істеуге көшуі мүмкін. Алайда ол үшін елімізде жаңа білім беру мекемелерін салу қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асқат Аймағамбетов мәлімдеді.

- Біздің алдымызда бір ауысыммен жұмыс істеуге көшу бойынша мақсат тұр. Себебі білім берудің сапасы мен білім алуға жақсы жағдай жасау мәселесі осыған тығыз байланысты, - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, қазір осы мәселе бойынша үш бағытта жұмыс атқарылуда: бюджеттік қаржыландыру арқылы мектеп салу, жекеменшік мектептер салу және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін дамыту.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив