KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскеменде азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылау күшейтіледі

4.06.2020, 06:23 246

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері қаруы бар тұрғындар арасында талаптардың орындалуына тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тексеру барысында олар түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді. Бұл шаралар атыс және суық қаруларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында қабылданып отыр.

Полиция басқармасының ӘПБ –нің азаматтық және қызметтік қару айналымы бойынша бақылау тобы қызметкерлерінің айтуынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару сатып алғысы келген азамат тұрғылықты мкен-жайы бойынша ішкі істер органдарынан рұқсат алуға тиіс. Сол рұқсат қағазының негізінде ол қару сатып алады және бір апта уақыт ішінде оны ішкі істер органдарында тіркетеді. Егер осы уақыт аралығында қару сатып алынбаса, рұқсат қағазы қайтарылу керек.

-  Азаматтарға қаруды сақтау, өзімен алып жүру, пайдалану, жоғалтып не ұрлатып алмауы үшін жауапкершілік артылады. Сондықтан қару тұрғылықты мекен-жайы бойынша іштен құлыпталған сейфтерде сақталу керек. Сейфтің кілтін өзімен бірге алып жүру немесе құпия орында сақтау қажет, - дейді бөлімнің аға инспекторы Айбек Пазылов.

Қаруы бар адамдардың барлығы ішкі істер органдарында есепке алынады. Полиция қызметкерлері қарудың иесіне тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, бақылап отырады. Қандай да талаптар орындалмаса қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы ретте қару иесі жыл көлемінде қару айналымына, спирттік ішімдік ішу, есірткі пайдалану, отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға қатысты екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған болса, ішкі істер органдары берілген рұқсаттың күшін жойып, қаруды тәркілеп алуға құқылы.

Азаматтық және қызметтік қару айналымы бойынша бақылау толының аға инспекторы Айдар Манженовтың айтуынша, азаматтық қарудың иелері тұрғылықты мекен-жайынан ұзақ уақытқа іс-сапарға, оқуға, емделуге, демалуға кететін болса, қаруды полицияның аумақтық бөлімдеріне уақытша сақтауға өткізіп кетулері тиіс. Сондай-ақ, қаруды ұрлықтан қорғау үшін пәтерлерге күзет сигнализациясы жүйесін орнатуға кеңес беріледі.

Полицейлер тіркелмеген қаруды сақтағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын тағы мәрте ескертеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив