KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Қазақстанда 15 жасқа дейінгі балалар ұшақта тегін ұшады

29.05.2020, 11:21 321

Елдің ішінде демалсаңыздар, отбасындағы 15 жасқа дейінгі екі балаға ұшақ билеті тегін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы "Қазақтуризм" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Аталмыш мүмкіндік "KIDS GO FREE" жобасының аясында жүзеге асырылады. Жобаның мақсаты - "1+2" есебімен 2-15 жас аралығындағы балалар үшін ел ішінде ұшуға кететін шығынды өтеу. Бұл демалысты 30%-ке арзандатуға мүмкіндік береді және қазақстандықтарды ел ішінде демалуға ынталандырады деп күтілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив