KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

Семейде ХҚО жұмысы қайта жанданады

29.05.2020, 10:41 225

ШҚО бас санитар дәрігерінің шешімі бойынша, 1 маусымда Семей қаласының барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
               Алайда вирустың таралу қаупі сақталуына байланысты Семей қаласының тұрғындары ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз «қағаз жүзіндегі» қызметтерді және egov.kz порталында рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.
               ХҚО-ға бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис және egovkzbot2.0 телеграм-боты арқылы алдына ала брондау қажет болады. Сондай - ақ орталықтарға барған кезде маска кию тәртібін сақтау маңызды.
               Компьютері жоқ азаматтар үшін Семейде ХҚО ғимаратынан тыс өздігінен қызмет алуға арналған 28 egov.kz бұрышы ашылды. Олар қала әкімдігінің ғимаратында, қалалық кітапханаларда және ауыл әкімдіктерінің ғимаратында орналасқан. Семейде басқа ұйымдар іске қосылғаннан кейін осындай бұрыштар саны тағы ұлғаятын болады.
               Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан да ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, ХҚО қызметкерін үйге шақыра алады.
               Айта кету керек, аталған өзгерістер Өскемен және Семей қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Аудан орталықтары мен ауылды жерлерде орналасқан ХҚО-лар өзгеріссіз жұмыс істейтін болады.

Өз бетінше қызмет алуға болатын Egov.kz бұрыштарының тізімі:
1.      Семей қ-сы, қалалық әкімдік ғимараты, К.Мұхамедханов к-сі,8, 1 қабат;

2.      Семей қ-сы, қалалық әкімдік ғимараты, К.Мұхамедханов к-сі,8, 2 қабат;

3.      Семей қ-сы, білім басқарма ғимараты, К.Мұхамедханов к-сі,8, 1 қабат;

4.      Семей қ-сы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма ғимараты, Қозбағаров к-сі,40;

5.      с.Ақбұлақ , әкімдік ғимараты

6.      с.Абралы, әкімдік ғимараты;

7.      с.Алғабас, әкімдік ғимараты;

8.      с.Айнабұлақ, әкімдік ғимараты;

9.      с.Чекоман, әкімдік ғимараты;

10.   с.Букенчи, әкімдік ғимараты;

11.   с.Знаменка, әкімдік ғимараты;

12.  с.Мұқыр, әкімдік ғимараты;

13.   с.Қайнар, әкімдік ғимараты;

14.    с. Новобаженова, әкімдік ғимараты;

15.   с.Озерка, әкімдік ғимараты;

16.   с. Приречный, әкімдік ғимараты;

17.  Чаган кенті, әкімдік ғимараты;

18.  Шульбинск кенті, әкімдік ғимараты;

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив