Өскемен
-24°
плотный туман ветер 2 м/с, С
468.9 485.64 7.7

ШҚО-да биыл 5 денсаулық сақтау нысаны салынады

14.07.2022, 10:47 1 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстанда бес жаңа медициналық нысан салынып жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бес денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүріп жатыр. Тағы екі нысанның ЖСҚ-сы әзірленді. Өскеменде гематология орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ аталмыш орталықта жұмыс істейтін кадрларды оқыту ісі жүргізілуде. Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың қабылдау-диагностикалық бөлімі жаңғыртылып жатқанын да айта кетейін. Бұл жұмыс тамыз айында аяқталады, – деді Гүлмира Сағидуллина.

Басқарма басшысының айтуынша, №4 қалалық ауруханаға қосалқы электр станциялары салынды.

Ал Риддерде 140 төсектік стационары және 500 адам қабылдайтын емханасы бар көп бейінді аурухана кешені салынып жатыр. Күршім ауданында бір ауысымда 20 адам қабылдайтын және бес төсектік стационары бар амбулатория бой көтереді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив