KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы өседі

27.05.2020, 08:44 113

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысын көтеруге тапсырма берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын деген президент "Педагог мәртебесі туралы" заң аясында мұғалімдерді ынталандыру шаралары қарастырылғанын атап өтті.

"Бірақ іс жүзінде жоғары оқу орны оқытушысының жалақысы мұғалімнің жалақсынан аз болып қалды. Осыған орай, үкімет жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыруы керек", – деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысында.

Президенттің айтуынша, гранттардың құнын арттыру арқылы ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруге болады. Осы орайда президент дарынды жастардың шетелге кету мәселесіне баса назар аудару қажеттігін жеткізді.

"Мұның бірнеше себебі бар. Соның бірі – жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілетсіздігі. Әрине, бұл қосымша инвестицияны талап етеді. Осыған орай, білім гранттарының орташа құнын 340-420 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық, яғни, грант құны үш есеге артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады", – деп атап көрсетті Тоқаев.

Мемлекет басшысы грант құнының 2011 жылдан бері өспегенін де айтты. Енді, осы қаржының артуымен талап та жоғары болады. Ендігі міндет, еліміздің 10 жоғары оқу орны әлемнің үздік 500 университетінің қатарына қосылуы қажет.

 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив