KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 8 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да ХҚО жұмысы қайта жанданды

26.05.2020, 05:45 158

ШҚО-ның бас санитар дәрігерінің шешімі бойынша, ШҚО Семей қаласындағы фронт-офистерден басқа барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын қайта бастады, де хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алайда вирустың таралу қаупі сақталуына байланысты Өскемен қаласының ХҚО-ы электронды форматта қолжетімсіз «қағаз жүзіндегі» қызметтерді және egov.kz порталында рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.

ХҚО-ға бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы алдына ала брондау қажет болады.

-  "Кезекті алдын ала брондау шаралары тек шығысқазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Сондай - ақ, орталықтарға барған кезде маска режимін сақтау маңызды", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.

Мемлекеттік қызметтің 80% - дан астамын egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы  онлайн форматта алуға болатынын естеріңізге саламыз. Жақында онлайн форматқа ауыстырылған жеке және заңды тұлғаларға ЭЦҚ беру бойынша қызмет тек онлайн түрде көрсетіледі.

Сондай-ақ, Өскеменде ХҚО ғимаратынан тыс 10 egov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. Олар қалалық кітапханалардың ғимараттарында орналасқан. Облыс орталығында басқа ұйымдар іске қосылғаннан кейін осындай бұрыштар саны ұлғаятын болады.

Дегенмен 3-ші санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді.  ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондалу керек.  Мүмкіндігі шектеулі азаматтар 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, ХҚО қызметкерін үйге шақыра алады.

Аталған өзгерістер Өскемен қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде орналасқан ХҚО-лар өзгеріссіз жұмыс істейтін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив