KZ
Өскемен
+3°
дождь жел 2,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Еңбек қатынастары цифрландырылады

25.05.2020, 09:26 211

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойылып, 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді. Заңға енген өзгерістер еңбекке ақы төлеу, қызметкерлерді жалдау, жұмыстан босату және ауыстыру, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мәселелерді қамтиды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысы Бақытбек Қизатов мәлімдеді.

- Электрондық еңбек шарттарын енгізу, қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді, еңбек құқықтарын сақтау мониторингінің тиімділігін арттырады, құжаттарды қолдан жасау қауіпін болдырмайды және жұмысқа орналастыру процесін жеделдетеді. Енді енгізілген өзгерістерге сәйкес, қызметкер еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен еңбек шарты және өзінің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға, ал жұмыс беруші еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен үміткерлердің де (олардың алдын ала келісімімен) және қызметкерлердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқылы. Сондай-ақ, Кодекске сәйкес, жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы, сондай-ақ, кейбір мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті, - деді Бақытбек Қизатов.

Басқарма басшысының айтуынша, еңбек шартын жасасу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жүргізіледі. Бұл жұмыс берушінің еңбек шартын қағаз жүзінде ғана  жасасуды алып тастауға да мүмкіндік туғызады. Кадрлық іс жүргізуді цифрландыру мақсатында, жұмыс беруші қызметкердің еңбек шартында (жұмысты орындау орны, еңбек шартының мерзімі, лауазымы, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі және т.б.) көзделген еңбек қызметі туралы ақпаратты, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕАБЖ) енгізуге міндетті.

Қазіргі таңда министрлік электрондық еңбек шарттарын енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда. Пилоттық жоба аясында ШҚО-да 2129 ұйым жасалған еңбек шарттары туралы 99745-тен астам мәліметтер енгізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив