KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

№10 қаулы: Семей әлі карантин шеңберінде

22.05.2020, 04:40 167

ШҚО аумағында COVІD-19 туындаған коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер М. А. Исмаиловтың №10 қаулысы шықты.

21 мамырда жарияланған қаулыдағы Семей қаласына қатысты бөлімде мыналар қамтылған:

1) осы қаулының 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың Семей қаласының аумағына кіруіне/шығуына тыйым салу.

Ерекше жағдайларда, осы қаулыда аталған тұлғаларды қоспағанда, Семей қаласының сыртқы блокпостары арқылы адамдардың жекелеген санаттарына шығуға және кіруге рұқсат жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша берілуі мүмкін.

Қала аумағынан кіру/шығу кезінде қаулының осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар COVID-19 жедел-тестілеуден немесе мерзімі өтпеген ПТР әдісімен зертханалық зерттеуден өту нәтижелерін (7 күннен кешіктірмей) ұсынуға міндетті.

Шығатын адамдарда анықтама болмаған жағдайда, COVID-19 жедел-тестілеуден тікелей блокпостарда өтуге рұқсат беру.

Блокпосттар арқылы кіретін және шығатын адамдар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Транзиттік автокөліктерді Семей қаласының ішінде тоқтаусыз патрульдік автокөліктердің алып жүрімен кіркізу және шығару;

2) халықтың елді мекендерде жүріп-тұру кезінде ғимараттың ішінде және сыртында маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау;

3)Семей қаласының жеке тұлғаларының жеке автокөлігінің күндізгі уақытта жүріп-тұруын шектеу және түнгі уақытта 21.00 сағаттан 05.00 сағатқа дейін қызметтік және қоғамдық көлікті, арнайы рұқсаттамасы бар (қызыл немесе көк түсті) жеке автокөлтерді қоспағанда, автомобиль көлігінің қозғалысын тоқтату;

4) қызметтік және қоғамдық көліктерді, сондай-ақ «көк» немесе «қызыл» арнайы рұқсаттамасы бар жеке автокөліктерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері, мереке күндері жеке автокөліктің жүруіне тыйым салу;

5) азаматтар жеке автокөлікпен «мемлекеттік нөмірдің соңғы санының жұп, тақ сандарының» қағидасы бойынша мемлекеттік нөмір белгісіне байланысты жүре алады. Айдың жұп күндері бойынша - нөмірінің соңында жұп санмен аяқталатын, айдың тақ күндері бойынша – нөмірінің соңында тақ санмен аяқталатын автомобильдердің жол жүруіне рұқсат берілсін.

6) Семей қаласының аумағы бойынша халықтың жаяу жүруі тек I , II типтегі  рұқсаттамалар болған жағдайда рұқсат етілсін.

Жұмысқа кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып міндетті түрде маска киіп, таңертең сағат 07:00-ден 10:00 дейін, кешке 17:00-ден 19:00дейін (жұмыс орнынан анықтама болған жағдада) бару.

Арнайы рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда ғана жарамды.

1-типтегі рұқсаттама (қызыл) елді мекеннің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін орындайтын адамдардың жүріп-тұруына арналған.

II –типтегі рұқсаттама (жасыл және ақ түсті) қала аумағында халықтың жүріп-тұруына арналған. Бір пәтерге/үйге 1 рұқсаттама беріледі. Рұқсаттаманы ұстаушы сауда объектілеріне, дәріханаларға және банктерге баруға мүмкіндігі бар. Рұқсаттаманы бір апта ішінде 3 реттен артық пайдалануға болмайды. Жасыл түсті рұқсаттама, айдың жұп күндері бойынша сауда жасау  үшін үйден шығуға құқық береді, ақ түсті рұқсаттама, айдың тақ күндері үйден шығуға құқық береді.

Рұқсаттамалардың бар болуын тексеру Семей қаласының полиция басқармасына жүктеледі.

COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының жағдайы өзгерген жағдайда рұқсаттама бойынша қозғалыс режимі өзгертілуі мүмкін;

7) такси жеңіл автокөлігіне маска киген кезде 2 жолаушы ғана тасымалдауға рұқсат етіледі;

8) қоғамдық автокөлікте жолаушыларды отырғызу орындарының саны бойынша салонның толтырылуы және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етіледі.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, Семей қаласының маршруттарындағы қоғамдық көлік санын 50%-ға дейін және кәсіпорындар үшін тапсырыс берілген автобустар санын арттыру.

9) тұратын жері бойынша әлеуметтік байланыстарға, сондай-ақ отбасылық, діни, салт-дәстүр, мерекелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

10) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда топпен үш адамнан артық жиналуға тыйым салу;

11) жергілікті өзін-өзі басқару комитеті, пәтер иелері кооперативі және кондиминиум қызметкерлерімен бірлесіп, Семей қаласының аумағын, оның ішінде саяжай массивтерінің тұрғын секторын, саябақтарды, скверлерді, аула ішіндегі алаңдарды, тұрғын алаптардағы балалардың ойын және спорт алаңдарын, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маска режимін сақталуына патрульдеу күшейтілсін;

12) зерттеудің осы түріне жататын контингент арасында ПТР белсенді түрде тестілеу өткізуді;

13) МСАК деңгейінде тіркелген тұрғындарға қоңырау шалу арқылы вирустық инфекция белгілері бар науқастарды белсенді анықтауды;

14) «ЖРВИ» және «пневмония» диагноздары бар науқастарға ПТР әдісімен COVID-19-ға 100% тексеру жүргізуді;

15) Семей қаласының «Восточный правый», «Восточный левый» кенттерінде тұратын барлық отбасылардың бір мүшесін CAVID-19 жедел тестілеу өткізуді;

16) Семей қаласының «Восточный правый», «Восточный левый», «Восход», «Бобровка», «Мурат-1», «Мурат-2» кенттеріндегі жалпы пайдалану орындарын, дүкендерді, тұрғын үйлердің қақпаларын, адамдар көп жиналатын орындарды, аялдама павильондарын, қатты жабыны бар жолдарды дезинфекциялық өңдеуді;

17) үй карантиніндегі адамдарды және карантин жағдайында жұмыс істеу режимін қамтамасыз ету бойынша объектілерді бақылауды;

18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде, мобильдік топтардың жұмыс істеп тұрған объектілердің және қала халқының шектеу режимін, эпидемияға қарсы талаптардың сақталуына күшейтілген мониторинг пен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

19) полиция қызметкерлерін, ЖАО-ды және волонтёрлерді қоғамдық көлік аялдамаларына мыналарды жүргізу үшін бекітуді:

- жолаушылар ағынының мониторингі;

- алдын алу шараларын және эпидемияға қарсы режимді сақтауды белсенді түсіндіру;

- қолды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

- әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету;

- маскалық режим.

20) адамдардың жиналуы және шектеу іс-шараларын бұзудың фактілері туралы Семей қаласының полиция басқармасына және Семей қаласы әкімдігінің Call-орталығына хабарлауды;

21) діни мақсаттағы объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;

22) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен барлық азық-түлік дүкендерінің жұмысын;

23) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген нормаларын сақтай отырып, адамдар аз жиналатын және эпидемиологиялық маңыздылығы төмен объектілердің:

- жұмыс режимін сағат 17.00-ге дейін шектей отырып, ауданы 500 м2 аспайтын азық-түлік тауарларын сатпайтын көтерме, көтерме-бөлшек және бөлшек сауда объектілерінің;

- бір клиентке қызмет көрсете отырып, алдын ала жазылу бойынша шаштараздардың;

- гүл өнімдерін сату бойынша сауда орындарының жұмысын жалғастыруды;

24) адамдар көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және басқа да объектілердің қызметіне тыйым салуды;

25) әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруді;

26) қоғамдық орындарға, саябақтарға, скверлерге, аула ішіндегі ойын және спорт алаңдарына және басқа да объектілерге дезинфекциялық өңдеу жүргізуді жалғастыруды;

27) әрбір рейс алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банктер терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді;

28) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат үлгісіндегі оқу орындарында шектеу іс-шараларын және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды;

29) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, екінші деңгейдегі банктердің жұмысын;

30) халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.

Семей қаласында қайта жұмыс режиміне көшу Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қосымша қаулысымен регламенттелетін болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив