KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Қазақ тілді мазақ қылған жарнама көрсеңіз, хабарласыңыз

21.05.2020, 06:11 220

Өскемен қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2020 жылдың 19 мамыры мен 19 маусым аралығында қала көлемінде «Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі!» айлығының өткізілетінін жариялады.

Айлықтың негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайтуда маңызды рөл атқаратын көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру.

- Елінің ертеңі, ұлттық рухтың негізі болып табылатын тілінің тағдыры толғандыратын әрбір азамат айлық барысында бұл шарадан тыс қалмайды деген ойдамыз. Біз кәсіпкерлердің өткізіліп отырған шараға барынша түсіністікпен қарап, деректемелер мен көрнекі ақпарат көздерін тәртіпке келтіретініне кәміл сенеміз, - деп хабарлайды бөлімнің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осылайша күнделікті көріп жүрген, байқаған жазулар мен көрнекі ақпараттардағы тіл шұбарлаушылықтар жөнінде нысанның нақты мекенжайын, атауын көрсете отырып, al.omarova@akimvko.gov.kz электрондық почтасына жолдауды сұрайды.

Байланыс телефоны 8 (7232) 57-79-98.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив