KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Соңғы қоңырау. Мектепке барамыз ба? – министр жауабы

20.05.2020, 09:31 160

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда мектеп түлектерінің соңғы қоңырауы қалай өтетінін айтты.

"25 мамырда соңғы қоңырауды онлайн форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. Мен телеарна арқылы құттықтаймын, қазір дайындап жатырмыз. Содан соң әр мектепте сынып жетекшілері, мұғалімдер сынып сағаты форматында тиісті шара ұйымдастырады деп жоспарладық. Жылды қорытындылау керек, еңбек еткен, жетістікке жеткен балаларды мадақтау керек", - деді БҒМ басшысы онлайн-брифингте.

Министрдің айтуынша, мектеп түлектеріне 3-4 маусымда аттестаттар табысталады.

"Қазіргі жағдайға қарамастан, 3-4 маусымда аттестаттар беріледі. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен ақылдастық, түсіндік. Сондықтан 3-4 маусымда 11-сынып оқушыларына аттестаттарды салтанатты түрде табыстап, соңғы қоңырауды қосып жібереміз. Бұл - әр мектеп түлегі үшін маңызды күн", - деді Аймағамбетов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив