KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

5 млн және 20 млн. Кәсіпкерлерге 6 проценттік несие беріледі

20.05.2020, 04:15 92

Үкімет 2020 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Жоспарда шағын және орта бизнесті қолдау шаралары қарастырылған.

Микро және шағын бизнес өкілдеріне 6 проценттен аспайтын мөлшерлемемен несие беріледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

"Субсидиялау есебінен қаржыландыру қолжетімді болады. Мөлшерлеме 6 проценттен аспайды. Несие айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін және өндірістік мақсаттарға 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл микробизнес өкілдерінің үлкен тобын қамтуға мүмкіндік береді", – деді Дәленов үкімет отырысында. 

Айтуынша, микробизнес үшін жаңа формат бойынша оқыту енгізіледі, бұл да қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетеді.

Сонымен қатар, банктер мен микроқаржы ұйымдарының кредиті бойынша төлем мерзімі ұзартылатын салалардың тізбесі кеңейтілді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив