KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Трамвай жолдары келесі жылы толықтай жөнделіп бітеді - Өскемен

9.10.2022, 14:44 135

Өскемен қаласындағы трамвай жолдары келесі жылы толықтай жөнделіп бітеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс орталығындағы трамвай жолдарын жаңарту жұмыстары әлі де жалғасып жатқаны белгілі. 
- Атап айтқанда, Мызы көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықтағы трамвай жолын реконструкциялау жұмыстары бірнеше айдан бері жалғасуда. Соның барысында көшенің бір жағындағы асфальт жабыны да ауыстырылды. Енді бір айдың ішінде қарсы бағыттағы асфальттың да соңғы қабаты төселеді, - деп түсіндірді “Өскемен” көлік компаниясы” ЖШС.
Сондай-ақ компанияның мәліметіне сүйенсек, трамвай жолдары 2023 жылы толықтай жөнделіп бітеді деп жоспарланып отырған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив