KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбек 49 жасында өмірден озды

18.05.2020, 04:36 229

Белгілі тележүргізуші, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбек 49 жасында өмірден озды.

Белгілі тележүргізуші соңғы бір жыл көлемінде денсаулығы сыр беріп ауырып жүргенін әріптестері айтқан еді. Бүгін осындай суыт хабар тарады. 

Әріптесіміздің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Бейсен Құранбек - 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын республикалық "Спорт" газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. "Рахат", "31 арна", "Хабар" арналарында, президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.

Ұлттық арнадағы "Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламаларының жүргізушісі болған. Соңғы жылдары "Жетісу" телеарнасының директоры қызметін атқарды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив