KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 8 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Өскемендегі қалалық автобустар біртіндеп көбейе бастады

13.05.2020, 08:59 204

13 мамыр күні облыс орталығындағы жолаушыларды тасымалдау үшін желіге 40 қоғамдық көлік шықты. Оның 30-ы үлкен, 10-ы шағын автобус. Автобустардың саны жолаушылар ағымына байланысты апта соңына дейін көбейеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осылайша қалалық әкімдік сәрсенбі күні қоғамдық көліктердің кестесіне жаңарту енгізді. Тек бүгін ғана әдетте жүріп жүрген көліктерге қосымша 40 қоғамдық көлік қосылды.

- Ертең одан да көп болады, біртіндеп бір апта ішінде жолаушылар көлігінің санын жолаушылар санына сәйкес көбейтіп, 145-ке жеткіземіз, - деді Өскемен қаласының ТҮКШ бөлімінде.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің соңғы үндеуінде Өскемен және Семей қалаларындағы қоғамдық көлік санын арттыруға байланысты тапсырма берген еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив