KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Төтенше жағдай режиміне қатысты шешім ертең қабылданады

10.05.2020, 09:57 204

Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында ертең Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған мемлекеттік комиссия мүшелері Төтенше жағдай режиміне қатысты шешім қабылдайтынын жазды.

"Ертең, яғни 11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр", - деп жазды Берік Уәли.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив