KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-да мал басы өсіп келеді. Жайылымның жайы не болмақ?

12.07.2022, 16:46 143

Шығыс Қазақстанда мал басы 2032 жылға қарай бір жарым миллионға жақындайды. Осылай деп облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис мәлімдеді.

Оның айтуынша, 10 жылдан кейін мал басы 200 мыңға өссе де, жайылым аса тарылмайды.

– Алдын ала деректер бойынша, өңірдегі ауыл шаруашылығы жануарларының саны 1 188 000 мың бас. Оның 636 мыңнан астамы, яғни 53%-ы қарапайым халыққа тиесілі. Мал басының өсімін талдау қорытындысы бойынша 2032 жылға қарай облыста мал саны 1 365 000 мыңнан асады. Сол кезде жайылым тапшылығы бар болғаны 0,2 миллион гектар болады, – деді Надежда Михейлис.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив