KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

"Ардагерлер туралы" заңның ауқымы кең

7.05.2020, 05:58 125

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице- президенті Орал Шәріпбаев "Ардагерлер туралы" заң жобасына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды.

"Парламенттің қос палатасы "Ардагерлер туралы" заң жобасын қабылдап, құжат Президенттің қол қоюына жіберілген болатын. Бұл жайт көңіл қуантарлық нәрсе.

Жаңа заң жобасында ардагерлердің санаты кеңейтіліп, оларды әлеуметтік қолдау шараларының кең ауқымы көрсетілді. Мысалы, жеке тұрғын үй салу үшін бірінші кезекте жер учаскесін алу құқығы, коммуналдық тұрғын үй қорының үйлеріндегі өзі тұрып жатқан пәтерді меншігіне беру, кепілдік берілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көлемін бірінші кезекте алу және тағы басқа жеңілдіктер қарастырылған. Бұдан бөлек, санатына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері де өсті.

"Ардагерлер туралы заңда" тек қана Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ғана емес, басқа мемлекетте әскери ұрыстарға қатысқан жауынгерлер, қызметкерлерді де қамтиды. Яғни, ауқымы кең. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттен жеңілдіктер мен кепілдіктерді 169 мың ардагер алса, жаңа заң жобасы аясында 180 мыңнан астам ардагер қолдау шараларымен қамтылады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар салықтың 11 түрінен босатылады.

Бұл дегеніміз, мемлекеттік қолдаудың ауқымының ұлғаюы",-дейді тіл жанашыры

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив