Өскемен
-13°
пасмурно ветер 2 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

Жаппай вакцинация туралы заң қабылданады деген ақпарат тарап жатыр

12.07.2022, 15:55 2 0 Мадина Амангелдіқызы

Әлеуметтік желілерде Қазақстанда жаппай вакцинация туралы заң қабылданады деген ақпарат таралып жатыр. Хабарлама мәтінінде осы заңға қарсы дауыс беру бойынша нұсқаулық көрсетілген. Алайда ақпарат шындыққа жанаспайды екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл жаңалыққа қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің пікірі фейктерді әшкерелейтін Stopfake.kz сайтында жарияланды.

Министрліктің хабарлауынша, елімізде мұндай заң қабылдау жоспарда жоқ екен. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелерді алуы тиіс. Соған қарамастан, Кодекстің 77-бабына сәйкес азаматтар вакцинациядан бас тартуға құқылы.


– КВИ қарсы вакцинация эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар тізбесіне енгізілген. Бұл ретте егулер вакцина салдыратын адамдардың ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі, – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив