KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да биыл ҰБТ қалай өтеді?

6.05.2020, 07:31 157

Соңғы оқу тоқсаны аяқталып қалды. Мектеп бітіруші түлектер алда келе жатқан тестілеуге дайындалуда. ҰБТ-ға қатысты сұрақтар бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де Білім басқармасы басшысының қатысуымен онлайн-брифинг өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Басқарма басшысы Сайрангүл Жұмаділова мен оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Жадыра Қоңырбаева түлектер өміріндегі басты емтихан қалай өтетіні туралы, сонымен қатар, университетке құжаттарды тапсыру жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

- Биыл ҰБТ-ға өтініштер онлайн түрде қабылданып жатыр. Мектеп түлектері 10 мамырға дейін өтінім бере алады. ШҚО бойынша емтихан 16 пункте өткізіледі. Форматы өзгерген жоқ, тек қана сақтық шаралар күшейтіледі. Мысалы, былтыр бір аудиторияда 60 студент отырса, биыл 30 түлек кіргізіледі. Олар бір-бірінен алшақ отырғызылады. Сонымен қатар, балалар тепловизор, антисептиктермен қамтамасыз етіледі. Ата-аналар да балаларының емтихан тапсырып жатқанын бақылай алады. Барлыға онлайн көрсетіледі, - дейді ШҚО білім беру басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив