Өскемен
-14°
туман ветер 3,1 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

Салық кодексіне өзгеріс енгізілді: президент заңға қол қойды

12.07.2022, 15:44 4 0 Мадина Амангелдіқызы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы "Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңға енгізілген түзетулер:

пайдалы қазбаларды өндіруге салық мөлшерлемесін арттыруды,

төленген дивидендтерге салық салуды қайта қарауды,

үлестес тұлғалардан сатып алынған материалдық емес қызметтер бойынша шегерістерді шектеуді,

цифрлық майнинг үшін алым мөлшерлемесін қайта қарауды,

қыздырылатын темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемесін арттыруды,

қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтеуге байланысты нормаларды,

спутниктік байланыс қызметтеріне тарифтерді көтеруді,

кейбір ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеуді қайта қарауды,

үшінші елдерден әкелінетін тауарларға бағаның ең төменгі деңгейін қолдануды,

салықтық әкімшілендірудің кейбір нормаларын нақтылауды көздейді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив